Аула аумақтарын су басудың алдын- алу мақсатында БӘД оқытушысы Нурахметов Т.А. «Раисовка орта мектебі» КММ бекітілген аумақта рейд жүргізді. Қауіпті аймақта тұратын тұрғындармен су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы әңгіме жүргізіліп, су тасқынының алдын- алу бойынша ұсыныстар, аула аумақтарын су басқан жағдайда нұсқаулықтар жазылған парақшалар таратылды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде эвакуациялау пункті Раисовка орта мектебінде орналасқаны айтылды. Көктемгі су тасқынының ең үлкен қаупі балалар мен жасөспірімдер үшін. Егер сіз су айдынындағы апаттың куәсі болсаңыз немесе осындай жағдайға тап болсаңыз, оқиға туралы 112 құтқару қызметінің нөміріне шұғыл хабарлаңыз.