Меню KDT

Нашақорлықтың алдын алу бойынша әлеуметтік роликтер
https://www.facebook.com/share/p/1AhUXqrPwr/

Әлем тарихы мен географиясының пәндік апталығы

"Раисовка орта мектебі" КММ әдістемелік жұмыс жоспары аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында Дүниежүзілік тарих және география пән апталығы өткізілді. Пән апталығы барысында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Пән апталығын өткізудің мақсаты: білім алушыларда ғылыми білімнің жекелеген бөліктерінің жүйелілігін, байланыстылығын қалыптастыру; танымдық белсенділікті дамыту, білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау , оқу материалының мазмұнын, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын жетілдіру.
Апта аясында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. География және биология пәнінің мұғалімі Муканова У.Е 7 сынып оқушыларымен "қолайсыз атмосфералық құбылыстар", 8 сынып оқушыларымен" құрлық суларының түрлері және қалыптасуы. Құрлық суларының экономикалық маңызы". Тарих пәнінің мұғалімі А.Р. Нурахметова география пәнінің мұғалімі Т. А. Нурахметовпен бірге 9 сынып оқушыларымен "ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы КСРО-ның экономикалық дамуы"тақырыбында Дүниежүзі тарихы мен географиясының кіріктірілген сабағын өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі Нұрахметова А. Р. география және биология пәнінің мұғалімі Муканова У. Е. 10-11 сынып оқушыларымен " Не? Қайда? Қашан?" интелектуалды ойын өткізді .


Просмотров: 220

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда108
  • Осы аптада30
  • Кеше4
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки